Сербия - Қазақстан матчы Еуропа чемпионатындағы көрермендердің рекордтық санын жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро-16-да Сербия құрамасының жанкүйерлері шағын футбол матчтарына барудан рекорд жасады, деп хабарлайдыSports.kz УЕФА сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қазақстан мен Сербия құрамалары арасында үшінші орын үшін болған ойынды аренада11,161 жанкүйер көрген. Сондай-ақ Еуропа чемпионаттарын өткізу кезінде турнирді тамашалағандардың саны алғаш рет 100 мыңнан асты. Қазақстанмен ойын басталар алдында серб фанаттары «Біз үшін сіздер қазірдің өзінде жеңімпазсыздар» деп жазылған үлкен баннер іліп қойды және ойынның аяғына дейін белсене қолдап отырды.

Еске сала кетсек, Сербияның Белград қаласында футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлде үшін бәсекесінде Қазақстан құрамасы алаң иелерімен күш сынасып, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Сөйтіп білікті бапкер Какаудың шәкірттері Еуропа біріншілігіне тұңғыш рет қатысқанына қарамастан, айды аспанға шығарып, қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар