Сербия парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы қарарды қабылдамады
АСТАНА. KAZINFORM – Сербияның Халық скупщинасы депутаттарының басым бөлігі премьер-министр Джуро Мацут басқаратын үкіметке сенімсіздік білдіру туралы қарарды қолдамады, деп хабарлайды ТАСС.
Қарардың қабылдануына қарсы 135 депутат дауыс берді. Сенімсіздік білдіру бастамасын 40 депутат қолдаса, бір депутат қалыс қалды.
Сербияның Халық скупщинасы – елдің бір палаталы парламенті.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Белградта студенттердің наразылық шеруі кезінде жаппай тәртіпсіздіктер болған еді.