Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM –  26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан - Сербия
Фото: Ақорда

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады. 

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум