Сербияда митинг өтіп, халық шұғыл кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті

АСТАНА. KAZINFORM – Белград орталығына андаған мың адам жиналып митинг өткізді. Халық кезектен тыс сайлау ұйымдастыруды талап етіп отыр. Ал ел президенті Вучич «мұндай шартқа» келіспейтінін айтты, деп хабарлайды BBC.

Сербияда митинг өтіп, халық шұғыл кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті
Фото: BBC

Сенбі күні өткізілген акция Нови-Сад теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 16 адам мерт болған соң басталып, өткен жылдың қарашасынан бері жалғасып келе жатқан жемқорлыққа қарсы наразылық шараларының жалғасы.

Өткен айда наразылық білдірушілер кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етті. Қазіргі парламенттегі көпшілік Александр Вучичтің партиясының өкілдері. Президент кезекті сайлау өз уақытында, яғни 2026 жылдың соңында өтеді деген болатын.

Наразылық білдірушілер Вучичтен кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.

Сербия астанасындағы митингтен соң наразылық білдірушілер полициямен қақтығысты. Полиция халықты тарату үшін түрлі құралдарды қолданған. БАҚ өкілдері көзден жас шығаратын және бұрыш газын пайдаланды деп жазып жатыр. Сонда-ақ AFP агенттігінің тілшілері полицияның жарық дыбысты граната қолданғанының куәсі болған.

Осыған дейін Белградта президент Вучичтің үкіметіне қарсы наразылық шаралары өткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар