Сербияда президентке қастандық жасамақ болды деген күдікке ілінген екі адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Сербия құқық қорғау органдары президент Александр Вучич пен оның отбасы мүшелеріне қастандық жасауды жоспарлаған деген күдікке ілінген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Kazinform. 

Сербияда президентке қастандық жасамақ болды деген күдікке ілінген екі адам ұсталды
Фото: ТАСС

Сербия ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар (1975 және 1983 жылдары туған) президентке, сондай-ақ оның зайыбы мен балаларына қастандық жасауды жоспарлады деген күдікке ілінген.

— Олар 2025 жылдың желтоқсаны мен 2026 жылдың ақпаны аралығында қару сатып алу және Сербия Республикасы Президентінің, оның зайыбы мен балаларының өміріне және жеке басына шабуыл жасау, оларды өлтіру, сондай-ақ Сербия Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне шабуыл жасау, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне дене жарақатын келтіру арқылы Сербия Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, жоғарғы мемлекеттік органдарды құлатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді, — делінген мәлімдемеде.

Күдіктілер 48 сағатқа дейінгі мерзімге қамауға алынды және қылмыстық істі қозғау туралы өтініш түскен соң Кралеводағы Жоғарғы прокуратураға жеткізіледі.

Осыған дейін Бельгияда премьерге қарсы лаңкестік әрекет жоспарлаған үш күдікті ұсталғанын хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум