Сербиядағы халықаралық турнир: Қазақстаннан үш боксшы ақтық сынға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Сербияда Belgrade Winner халықаралық турнирінің финалистері анықталды.

ы
Фото: Бокс федерациясы

Бокс федерациясы мәліметінше, Қазақстан құрамасынан үш боксшы ақтық сынға жолдама иеленді

60 келі. Нұрасыл Төлебек жартылай финалда Армения спортшысы Эрис Арстамяннан 4:1 есебімен басым түсті.

70 келі. Нұрбек Мурсал сербиялық қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты, жартылай финалда жеңімпаз деп танылды.

90 келі. Ибрагим Бетаев қарсыласы Богдан Толмачов (Украна) жарақатына байланысты, жекпе-жексіз финалға өтті.

Төрт боксшымыз қола жүлдегер атанды7

50 келі. Нұрзат Оңғаров 1/2 финалда филиппиндік Кларк Вицераға жол берді.

80 келі. Нұрсұлтан Шілдебай Олимпиада чемпионы Александр Хижнякқа есе жіберді.

85 келі. Аян Қалмағанбетов украиналық Данило жасанға 2:3 есебімен жеңілді.

+90 келі. Аслан Елдібайұлы Түркия өкілі Берат Акарға жол берді. Финалдық жекпе-жектер 17 мамырға жоспарланған.

17 мамыр 21:00

60 келі. Нұрасыл Төлебек vs Луис Энрике Винсент (Куба)

70 келі. Нұрбек Мурсал vs Милош Роганович (Черногория)

90 келі. Ибрагим Бетаев vs Уильямс Нельсон (Куба)

Тікелей эфир: https://youtube.com/@bokserskisavezsrbije?si=OoclYLVaLZoUawVb