Сербиядағы сайлау: оппозиция Вучичке қарсы

Сербия сайлау учаскелері жексенбі күні мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу үшін ашылады. Бұл - кейінгі онжылдықтағы бесінші сайлау.

Сербиядағы сайлау
Фото: euronews.com

Елді басқаруға қатысты саяси және әлеуметтік шиеленіс туындап жатқан сәтте оппозиция президент-популист Александр Вучичтің Сербия пргрессивті партиясы (СПП) басқаратын басқарушы коалицияға қарсы шығады. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әуелде сайлау 2026 жылғы 30 сәуірге жоспарланған болатын, бірақ Вучич саяси жағдайға байланысты дауыс беруді қазір өтеді деп бекітті. Ол 2022 жылғы президент сайлауында 60% дауыс жинап жеңіске жеткен.

Сегіз түрлі оппозициялық және еуропашыл партия мен қозғалыс алғаш рет «Сербия зорлыққа қарсы» (СЗҚ) коалициясына бірікті.

Сондай-ақ жексенбі күні жергілікті билік органдарына да сайлау өтеді, оппозиция астаналық мэрияны иеленуді жоспарлап отыр.

Осы аптада жүргізілген кейінгі сауалнамалар Сербия прогрессивті партиясы және әлеуметшілер құрған басқарушы коалиция дауыстардың 60%-ін, ал Драган Джиластың Еркіндік және әділдік партиясы басқаратын оппозициялық блок 26%-ін иеленеді деп болжады. Дегенмен сауалнамаға қатысқандардың 43%-і ел билігін өзгертетін уақыт келді деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар