Сербиялық ватерполшылар Әлем Кубогын жеңіп алды

«Бұл ойында алғашқы кезеңде Венгрия құрама командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда тартыстың екінші кезеңде командалар тең ойын өрнегін көрсетіп, 3:3 есебімен аяқтады. Үшінші кезеңде есеп 1:1 есебімен аяқталды. Төртінші кезеңде сербиялықтар есе қайырып, кезеңді 2:1 есебімен өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп 7: 7. Осыдан кейін су добында сирек кездесетін пенальти соғылды. Бұл тартыста 4:2 есебімен Сербия құрама командасы жеңіске жетті», - деді өз сөзінде Қазақстанның су добы федерациясының өкілі, төреші Алексей Воронцов.
Үшінші орынды Хорватия командасы жеңіп алды. Олар өз кезегінде АҚШ командасын 8:6 есебімен жеңді.
Бесінші орын үшін болған ойында австралиялықтардың мерейі үстем болды. Олар Қазақстан құрама командасын 12: 6 есебімен жеңді.
Жетінші орында Черногория командасы. Олар Оңтүстік Африка құрама командасын 13: 10 есебімен жеңді.