Сергеев су қоймасы тасқын су шегінен өтті

Сергеев су қоймасы тасқын су шегінен өтті
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Сергеев су қоймасында тасқын судың екінші толқыны өтті. Қазіргі уақытта бөгеттен аққан су 242 см, 121 см төмендеу бар. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтып берді.

Спикердің айтуынша, екінші толқын сәуір айының соңына дейін өтеді деп болжанып отыр. Сонымен бірге, Есіл өзенінің сағасындағы су басқан үйлер саны енді көбеймейді.

«Жалпы саны 14 388 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 764 адам ғана үйіне қайта оралды. Әзірге 242 адам эвакуациялық қабылдау пунктінде. Петропавлда 224 адам екі жаңа жатақханаға қоныстанды, олардың барлығы қажетті мүлікпен қамтамасыз етілген», - деді С.Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Облыста 2 349 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 867,3 млн теңге біржолғы төлем алды.

«Аудандарда және Петропавл қаласында зардап шеккен тұрғын үйді бағалау бойынша топтар құрылды. Әзірге 369 үйден су кетті, 62 үйге техникалық тексеру жүргізілді, 252 үйге бағалау алынды. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді спикер.

Соңғы жаңалықтар