«Сергек» камералары іске қосылғаннан кейін жол ережесін бұзу азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сергек» камералар жол-көлікоқиғаларының санын азайтуға айтарлықтай септігін тигізіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігінде «Цифрлық Астана: қазіргі жағдайы мен келешегі» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында  қалалық Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіхалықов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Баспасөз мәслихатында цифрлық мәселелер жөнінде болып өткен республикалық жиынның стратегиялық міндеттеріне байланысты әкімдік SmartAstana тұжырымдамасымен таныстырды. Бекітілген Smart Astana тұжырымдамасы ақылды қалалардың еуропалық үлгісі негізінде әзірленген. Сонымен бірге, оның мақсаты - Астананың инфрақұрылымы мен басқару әдістерін жетілдіру арқылы «ақылды қалаға» айналдыруға бағытталған. Осылайша, әкімдік ақылды экономика, ақылды қоғам, ақылды басқару, ақылды өмір сүру салты, ақылды көлік, ақылды қоршаған орта бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбідхалықов өз сөзінде елордада «Сергек» интеллектуалдық бейне бақылау жүйесі» жобасы іске асырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, жаңа жүйе жылдамдықты асыру, Bus Lane автобус жолағымен жүру және Stop сызықтарын кесіп өту секілді ереже бұзудың 3 түрін тіркейді.

«Бұл - мемлекетттік-жекешелік серіктестік аясында IT-қауіпсіздік саласында қол қойылған тұңғыш келісім. Жергілікті атқару органдардағы ең ауқымды жоба десе де болады. Жеке инвестицияның мөлшері 8,4 млрд теңге. Қазіргі уақытта жүйе 99 пайыз көрсеткішпен көліктердің нөмірін танып, тіркей алады. Тіпті алдағы уақытта көліктердің түсін де ажырататын болады. Жинақталған бейнемәлімет базада 1 ай бойы сақталады. Ал жол бойындағы ереже бұзуға қатысты деректер жойылмайды», - дейді ол.

Әлішер Әбдіхалықовтың айтуынша, сынақ кезінің өзінде 500 млн-ға жуық бейнемәлімет жинақталып қалған.

«Ең алдымен бұл жоба арқылы қаладағы қауіпсіздікті күшейтуді мақсат тұтып отырмыз. Қала бұдан ақша табуды ойлап отырған жоқ. Камера барлық көшелермен бірге, халық көп жиналатын орындарға қойылады. Мобильдік қызмет бейне мәлімет бойынша бірден әрекет етуге әзір тұрады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қазіргі таңда Қазақстан ЖІӨ-нің 1,5 пайызын жоғалтып отыр. Оған адамдардың жол апаты салдарынан зардап шегіп жатқанын, жол құрылғыларын қайта қалпына келтіру шығындарын қоса беріңіз. Алғашқы нәтижелердіде көріп отырмыз. Адамдар жол ережелерін бұзуды азайта түсті», - дейді әкімдік өкілі.

Соңғы жаңалықтар