«Сергек» сұғанақ жол полицейлерін жемқорлық табыстарынан қақты - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сергек» сұғанақ жол полицейлерін жемқорлық табыстарынан қақты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәліметтер базасын одан ары интеграциялау мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Әлі күнге дейін бір ведомствоның шағымына жауап беру үшін басқа мемлекеттік органнан анықтама апару тәжірибесі тыйылар емес. Мұндай анахронизмді цифрландыру жоюы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, ашық бюджеттер интерактивті картасы 2019-2020 жылдардың ішінде бюджеттің 7 трлн теңгеден астам ақшасының жұмсалуы туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты қамтамасыз етті.

«Сергек» заң бұзушылықтарды тіркеу бөлігінде алдыңғы қатарлы технологиялардың мемлекетке қандай пайда әкелетіндігін көрсетті. Бұған қоса, ол қолының сұғы бар жол полицейлерін жемқорлық табыстарынан қақты. Барлық мемлекеттік органдар, бірінші кезекте әкімдіктер осы тәжірибемен қарулануы тиіс. Мұндай цифрлық шешімдер адами факторларды алып тастап, жемқорлыққа сеп болатын жағдайларды жояды«, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram