Сергей Хорошун жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Сергей Михайлович Хорошун Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Хорошун Сергей Михаилович 1966 жылғы 26 наурызда туған.

Білімі:

Целиноград инженерлік-құрылыс институты - инженер-құрылысшы.

Еңбек жолы:

1990-1995 жж.- "Целинограджилстрой" ӨҚҰ;

1995 -1998 жж - Целина теміржол басқармасы;

1998-2000 жж. - «Қалалық коммуналдық қожалық» МКК КҚБ бөлім бастығы, бастығының орынбасары;

2000 жылы - Коммуналдық қожалық департаментінің директоры;

02.2005 ж. - Астана қаласы Энергетика және коммуналды қожалық департаментінің директоры;

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар