Серік Сәпиев Алматы қаласының студент жастарымен кездесті

Аңызға айналған боксшының келуі халықты дүрліктірді. Жастар өздерінің сүйікті спортшыларын қоршап алды.
«Қала әкімі әрқашан өзінің спорт жолын ұстанатындығын көрсетіп жүр. Дәл сол себепті біз Серік Сәпиевті студенттермен кездесуге шақырдық, себебі көптеген қазақстандықтар үшін ол еліктеу үлгісі болып табылады. Және, тым болмаса, бүгін осы кездесуге келген жастардың жартысы осы жерден спортта өз күшін сынап көру ниетімен қайтатын болса, біз мақсатымызға жеткенімізге сенімді бола аламыз», - деп мәлімдеді жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Санжар Боқаев.
Әңгімелескеннен кейін бірден С.Сәпиев дәл осы залда барлық қызығушыларға кішігірім шеберлік сабағын ұйымдастырды. Жастар өз дағдыларын көрсету үшін және чемпионның екі-үш бағалы кеңесін тыңдауға кезекке тұрды.
Шеберлік сабағын аяқтап, Сәпиев жолдастық спарринг ұсынды. Алайда, С.Боқаевтан басқа ешкім чемпионға қарсы шыға алмады. Таңырқаған студенттердің алдында екі спортшы рингке шығып, үш толық раундты өтеді. Нәтижесінде достық жеңді.