11:16, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Серік Сәпиев жартылай финалға шықты
АНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Миланда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшымыз Серік Сәпиев жартылай финалға шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше ол қырғыз боксшысы Асандулло Боймуродовпен қолғап түйістірді. Бірінші раундтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда С.Сәпиевтің ауыр соққысынан қырғыз боксшысы нокдаун алды. Осыдай кейін қырғыз бапкеріне спортшысын жарыс жолынан шығаруына тура келді.
С.Сәпиевтің келесі қарсыласы осы күні ирландық боксшы Вильям Мкглоуханды 16:7 есебімен ұтқан ресейлік Андрей Замковой. Екі боксшы шаршы алаңға қыркүйектің 11-і күні шығып, бақ сынайды.
Сонымен қатар кеше шаршы алаңға көтерілген боксшыларымыз Қанат Әбутәліпов кубалық Леон Аларконнан (0:2), ал Рүстем Сыбаев венгрлік Гил Кейттен (9:14) ұтылып қалды.