18:45, 15 Мамыр 2023 | GMT +5
Серік Жүнісбеков Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясына басшы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының бастығы болып полиция полковнигі Серік Жүнісбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жаңа бастығын бүгін ұжымға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха таныстырды.
Серік Тұрсынәліұлы еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Жамбыл және Алматы облыстарының полиция департаменттерінде, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Ол заңтану магистрі, заң ғылымдарының кандидаты.
Бұған дейін Серік Жүнісбеков Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Оның орнына Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалған еді.