Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Серіктестік ғимараты өртке оранды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жаңақорған ауданындағы "КазпромҚызылорда" ЖШС-ның ғимараты өртенді.

Серіктестік ғимараты өртке оранды
Өрт электр қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алған. Келген шығын мөлшері 65 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Сәметованың хабарлауынша, облыс көлемінде өткен аптада тағы да 9 өрт оқиғасы тіркелген. Мамандар олардың отты пайдаланудағы абайсыздықтан, электрді ережесімен пайдаланбаудан орын алғанын анықтады.