Серік Демегенов Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын басқарады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысы әкімінің өкімімен мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымды Серік Демегенов атқарады.

Серік Демегенов
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Серік Жұмажанұлы 1981 жылы Атырау облысының Мақат ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және құқық институтын құқықтану мамандығымен бітірген.

Мемлекеттік қызмет саласындағы алғашқы жұмысын 2004 жылы Махамбет аудандық прокуратурасында бастаған. 2013-2020 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары аталған басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. 

Ал 2021-2023 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, 2023 жылдан осы кезге дейін Атырау қалалық қаржы бөлімінің басшысы лауазамын атқарған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубы бас бапкерінің міндетін Қуаныш Қабдолов атқаратынын хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар