Серік Жұманғарин Құрылтай сайлауының шығындары жөнінде пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайлауды өткізуге қаржы республикалық бюджеттен бөлінетінін мәлімдеді.
– Құрылтай сайлауына жұмсалатын нақты шығын сайлау күні белгіленгеннен кейін анықталады, – деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Вице-премьердің сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты цифрды атауға әлі ерте. Өйткені, сайлауды өткізуге дайындық қазір де жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Парламент Құрылтай мен оның депутаттары жөніндегі құжатты қарайтынын жазғанбыз.