Серік Жұманғарин: Салық кодексі бойынша медиа мен әлеуметтік желілерде шыққан тізім жалған

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша қорытынды семинар барысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «оңайлатылған» режимді қолдана алмайтын қызмет түрлерінің тізімдері туралы жалпы қол жетімді ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Үкімет мәлім етті.

Серік Жұманғарин
Фото: Видеодан алынған скрин

Оның айтуынша, медиа және әлеуметтік желілерде таратылатын тізімдер ресми емес, өйткені соңғы тізімдер бойынша жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бұл үдеріс шағын топпен емес, бизнес-қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынаста өтеді.

— Соңғы уақытта тым көп ақпарат болды, кейбір тізімдер мерзімді басылымдар да жарық көрді. Шындығында, біз ешқандай тізімді жарияламадық. Қазір олармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де белсенді түрде қатысып отыр, — деді вице-премьер.

Айта кетейік, көлік, қойма және пошта қызметіне оңайлатылған салық режимін енгізу бірте-бірте алмастыру қағидаты негізінде жүзеге асырылады. 

Соңғы жаңалықтар