Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылға арналған лауазымды тұлғалардың кірістері туралы мәліметті жариялады.
Құжатта Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің отбасы мүшелерінің табысы да көрсетілген.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, есепті салық кезеңінде көрсетілген табыс министрдің өзіне емес, оның жұбайы Сәния Садықоваға тиесілі.
Декларацияда көрсетілген мәлімет бойынша, Сәния Садықованың 2024 жылғы жалпы табысы 88 678 984 теңге болған. Аталған қаражат бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен кірістер, яғни дивидендтер мен сыйақылар ретінде алынған.
Құжатта табыс жеке тұлға ретінде дербес салық салуға жататыны атап көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін вице‑министр Тұрысовтың жұбайы мүлікті жалға беруден 6 млн 800 мың теңге табыс тапқаны туралы жазған едік.