07:55, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Сеулдің саясаты бұрынғысынша екі Кореяны біріктіруге бағытталған - президент Ли Мён Бак
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Корей түбегіндегі жағдайдың қайта ушыққанына қарамастан, Сеулдің саясаты бұрынғысынша Оңтүстік пен Солтүстікті біріктіруге бағытталып отыр. Бұл туралы Корея Республикасының Президент Ли Мён Бак сейсенбі күні өткен ел үкіметінің мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Іс жүзінде біз, бірігуді әрқашан есте сақтап, қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуіміз керек», - деді мемлекет басшысы, министрлерді екі корей мемлекетін ықпалдастыру мен қосуға бағытталған шаралар жүйесін егжей-тегжей талдауға шақырып.
Жақында Сары теңізде орын алған оқиғаны еске алған Президент, «Чхонан» корветімен болған оқиғадан кейін ұлттық қауіпсіздік маңызды міндетке айналды және республика халқы Корея Халық Демократиялық Республикасымен арадағы текетірес туралы көбірек ойлай бастады», деп атап көрсетті.