«Севилья» қатарынан екінші мәрте Еуропа Лигасын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның «Севилья» футбол клубы украиналық "Днепр" командасын ақтық сында тізе бүктіріп, Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды.
None
None

Варшавада өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Испандықтар салған үш голдың екеуін Карлос Бакка салса, соңғысын Гжегож Крыховяк соқты. «Днепр» сапынан Никола Калинич пен Руслан Ротань қарсылас қақпасына екі доп дарытты.

Айта кетейік, өткен маусымда да "Севилья" Еуропа Лигасының чемпионы атанған. Сондай-ақ ол 2006-2007 жылдары УЕФА кубогын да жеңіп алған болатын. Осылайша бұл клуб аталмыш турнир тарихында жеңістер саны бойынша рекорд иесі саналып отыр.

Соңғы жаңалықтар