Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көп бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, жауын-шашын болып, бұрқасындатады, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді. болады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл аймағында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.