Сейсенбіде елордалық оқушылар үшін сабақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана оқушылары үшін бүгін сабақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасының сайтына сілтеме жасай отырып.

Сейсенбіде елордалық оқушылар үшін сабақ болады

«Құрметті ата-аналар! 2018 жылғы 30 қаңтарда қала мектептерінің оқушылары үшін сабақ болады», делінген білім басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетсек, ауа райының күрт суытып, аяздың күшеюіне байланысты елордалық оқушылар 21-26 қаңтар аралығында мектепке бармады. Астанада өткен аптада ауа температурасы -30-дан -40-қа дейін төмендеді.