22:08, 11 Шілде 2017 | GMT +5
SGDQ 2017 марафоны қайырымдылыққа 1,7 млн доллар жинады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілденің бірінші аптасында өткен Summer Games Done Quick 2017 ойын марафоны «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымы үшін 1,7 миллион доллар жинады.

Games Done Quick іс-шарасы әр жарты жылда ұйымдастырылады: жазда Summer Games Done Quick аясында, ал қыста Awesome Games Done Quick өтеді.
Бұл марафон кезінде әртүрлі елдердің ойыншылары жол бойы қайырымдылыққа ақша жинай отырып, жылдамдық арқау болған сүйікті ойындарымен шұғылданады.
Games Done Quick шарасынан жиналған қаржы сомасы жыл өткен сайын бұдан бұрынғы марафондардан артып келеді.