Шағын авиация пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігі шаралары күшейтіліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Авиациялық жұмыстарға тартылған шағын авиациялық әуе кемелерін пайдаланудың көктемгі-жазғы кезеңінің басталуымен авиациялық оқиғалар фактілері жиілеп кетті.

Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасына сәйкес авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту шараларын күшейтеді.
«Сондай-ақ пайдаланушыларға ұшу жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемелеріне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді», — деп жазды Көлік министрлігінен.
Оқиғалардың себептерін тергеуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясы жүзеге асырады.