Шағын бизнесті қолдайтын «Іскер аймақ» бағдарламасы әзірленді – Серік Жұманғарин

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Президенттің Құрылтайда берген тапсырмалары бойынша кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді.

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Министр экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы – шағын және орта бизнес екенін атап өтті.

– Әкімшілік жүктемені азайтып және қолдау көрсете отырып, бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі шаралар жалғасады. Басымдық берілетін салаларда кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды, – деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.

Оған қоса, өңірлік мамандандыру жобаларына бағдарланған «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы әзірленді.

Бұл бағдарламаны іске асыру шамамен 23 мың жобаны қолдауға, 127 млрд теңге бюджеттік қолдаумен, 1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ұлттық Құрылтайда Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов кәсіпкерлікке берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, жаңа жеңілдетілген несие жүйесін енгізуді ұсынған еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум