Шағын футболдан Қазақстанның ашық чемпионатының 3-ші тур ойындары өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейінгі 2 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінің көш басында Алматының "Қайраты" мен Қарағандының "Тұлпар" командалары тұр. Алматылықтар қарсыластар қақпасын 38 рет дәл көздеп, өздеріне 19 рет доп жіберіп алды. Олармен ұпай санымен (19) үзеңгі қағыстырып келе жатқан қарағандылықтар болса 21 доп соғып, 12 доп жіберіп алды. Ал қырғыз елінен келген "Азия универсал банк"(АУБ) пен "Әділет" командалары 7 және 3 ұпаймен турнир кестесін түйіндеп тұр. Үшінші турдың алғашқы ойындары бүгін Бішкек қаласының "АУБ" пен Астананың "Ұшқын-Искра" және "Қайрат" пен "Тұлпар" арасында өтеді. Ал ақырғы ойындары қаңтардың 10-ы күні "Қайрат" пен "Әділет", "Тұлпар" мен "АУБ" арасындағы кездесумен аяқталады.
Қазіргі таңда мергендер көшін 14 доппен алматылық клубтың аяқ допшысы Катата бастап келе жатыр. Одан кейінгі орынды қоржынында 7 добы бар Максим Батов (Ұшқын-Искра), Павел Таку (Тұлпар) мен Этьен (Әділет) өзара бөлісті.