Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Шағын несие ұйымдары» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 394,8 млн. теңге берілді

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның хабарлауынша, шағын несие ұйымдарын қаржыландыруға 2007-2012 жылдары 4 641,7 млн. теңге бөлінген.

«Шағын несие ұйымдары» бағдарламасы бойынша 2012 жылы  394,8 млн.  теңге берілді

Бұл қаражатқа түпкі қарыз алушыларға 12,7 мың шағын несие берілді. Оның ішінде 2012 жылы 20 шағын несие ұйымына жалпы сомасы 394,8 млн. теңге несиелер берілді. 2007-2008 жылдары қор тарапынан 94 ауданды қамтитын, 51 шағын несие ұйымынан жүйе құрылған болатын. Қазіргі таңда 12 шағын несие ұйымы қордың үлесін сатып алып, өз жұмыстарын дербес жүргізуде.

Бұл бағдарлама ауылда қаржылық инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауылдық шағын несие ұйымдарын ресурстық қолдау шараларының бірі болып табылады. Несиелендіру жылдық 7,5% пайызбен жүзеге асырылады, сондай-ақ түпкі қарыз алушылар үшін сыйақы үстемесі 14,5 пайыздан аспайды. Мәселен 2012 жылы қор мен Шымкент қаласындағы «Ырыс» ШНҰ арасында Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шитін өсіруімен айналысатын ауылшаруашылық тауарын өндірушілерін әрі қарай қаржыландыру үшін несие желісін ашу туралы келісімшарт жасалған болатын. Бұл мақсатта «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-дан қаржы тартылып, аталмыш несие желісімен жалпы сомасы 349,3 млн. теңгенің сегіз траншы бөлінді. Бұл қаржы 617 түпкі қарыз алушыларға несие ретінде берілген еді. 2012 жылдың 31 желтоқсанына «Ырыс» ШНҰ қор алдындағы қарызды толығымен жапты.