17:16, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Шағын және орта бизнеспен айналысамын деушілерді салықтан босату қажет ? Мәжіліс депутаты
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елдегі шағын және орта бизнеспен айналысуға бел буған азаматтарды салықтан мүлдем босату қажет.

Бүгін Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» халықтық - демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты К.Сағадиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, республика азаматтары бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде жұмыссыз бос сенделіп жүргенше, ең құрығанда отбасын асырауы керек. «Қазіргі таңда Қазақстан тұрғындарының жартысына жуығы өздерінің өмірлерін шағын және орта бизнестің жағдайымен байланыстырады екен. Олай болса, біз олардың бизнеспен айналысуына кедергі келтірмей, керісінше барлық жағдайларды жасауымыз қажет», - деді депутат.