Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек - Е. Иманқұлов

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық және өңірлік даму комитетінде еліміздегі квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесу барысында сенатор Еділбай Иманқұлов осындай ұсыныс жасады.
None
None

Жүздесу барысында сөз алған сенатор Еділбай Иманқұлов шетелдік тәжірибелердегі даму институттары мен бизнес-ортаның жемісті атқарып отырған жұмысына жиылғандардың назарын аударды. Бұл ретте депутат Германия еліндегі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың жасалу жайын мысалға келтірді.

«Жалпы, Мемлекет басшысы алдағы онжылдық ішінде шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 40 пайызға дейін арттыру туралы алдымызға зор міндет қойды. Бұл - экономикалық дамудың өзекті мәселесі. Ал ол үшін даму институттарының тиімділігі арта түсуі шарт. Сондықтан да, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді орындау үшін заңнаманы жетілдірудің, қаржылық қолдауды нығайтудың, инновацияны ендірудің маңызы зор. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп, қабылдау қажет», деді Е. Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар