Шағын және орта бизнесті реттеу жүйесін өзгерту қажет - Дариға Назарбаева

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда шағын және орта бизнесті реттеу жүйесін өзгерту қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева шағын бизнесті заңнамалық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған комитет отырысында айтты.

Шағын және орта  бизнесті  реттеу жүйесін өзгерту қажет - Дариға Назарбаева

Оның айтуынша, жалпы шағын және орта бизнесті әкімшілендіру және реттеу жүйелерін ауыстыру керек. Сондай-ақ, әкімдіктерге кәсіпкерлердің жұмысын реттеп отыратын ережелерді жасауға толық мүмкіндік бермеу керек.

«Орталықтан, министрліктен берілетін нақты тапсырмалар болу қажет, ал олардың жергілікті жерлерде орындалуын министрлік қатаң бақылауда ұстауы қажет», - деді Д. Назарбаева.

Оның ойынша, сондай-ақ, ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кәсіпкерлер жұмысын реттейтін заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны қайтадан шолып шығу керек.