Шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты заңнаманы реформалау қажет - Елбасы

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты заңнаманы реформалау қажет деп есептейді. Елбасы бұл ойын бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің 1-ші жалпы отырысында білдірді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын және орта бизнесті заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық қудалаушылықтан қорғай отырып, шағын және орта бизнеске қатысты заңнаманың бизнесті жүргізу бөлігіне өзгерістер енгізе отырып, заңнаманы реформалау қажет. Бұндай заң бұзушылықтар үшін айыппұл салу практикасын кеңінен қолданған жөн», деді отырыста Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, шағын және орта бизнестің қатысуындағы шаруашылық дауларды аралық соттардың құзырына беру қажет. Бұл шаралар құқық қорғау органдарының қолдарынан «құқықтық дубинканы» алуға мүмкіндік береді.

Елбасы бұл ретте шағын және орта бизнеске тексеру жүргізу құқығын тек қана салық органдарына беруге болатынын айтты. Алайда бұл ретте мұндай тексерулерді жүргізудің тәртібі мен ережесі нақты реттелуі тиіс. «Шағын және орта бизнестің ортасында Қазақстанның заңнамасын мүлтіксіз сақтау жөніндегі жеке мүддені қалыптастыру қажет», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар