Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс
ПАВЛОДАР. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті экономиканың жетекші күші ретінде сипаттады.
«Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс», - Елбасы осындай тапсырма жүктеді.
«50-ші жылға қарай экономика секторы басым болады. Шетелдік және өзіміздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлер палаталарындағы бизнестің бірігіп нығайтылуы - экономика дамуының маңызды факторы. Бизнесмендердің Үкіметтің сенімді толық құқылы серіктесі бола алатын кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшелігін енгізу орынды болады. Бұл қазақстандық бизнестің, соның ішінде шағын және орта бизнестің экономиканың стратегиялық міндеттерін дамытылуын іске асырудағы кең қатысуын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Н.Назарбаев.