Шахмат: Әлем чемпионаты кезінде арнайы www.worldchess.kz сайты жұмыс істейтін болады

Бұл жайлы Жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионатының (ШӘЧ) баспасөз қызметі хабарлады.
Шахмат әуесқойлары үшін басты бөлім Гудини талдауы ұсынылған трансляциялар мен партиялардың on-line трансляциясы болмақ. Әлемдік маңызы бар оқиғаны күніне 50 мыңнан 2 миллионға дейін пайдаланушы тамашаламақ.
Сондай-ақ, жарысты ұйымдастырушылар (Қазақстан Республикасының шахмат федерациясы және Халықаралық шахмат федерациясы) чемпионаттың техникалық жарақтандырылуы жоғары деңгейде болатындығына кәміл сендіреді, трансляцияны Евгений Ткачев қолға алып, комментаторлар Сергей Шипов пен Роберт Фонтэйн жүргізеді. Шахмат комментаторы Сергей Шиповты теңдессіз футбол комментаторы Сергей Озеровпен жиі салыстырып жүр.
Ал, Евгений Ткачевке келсек, блицты on-line трансляциялау - оның әкелген жаңалығы. Ол 2003-2010 жылдар аралығында Ресей мен әлемдегі барлық турнирлерді трансляция жасаған. Мәселен, 2006-2010 жылдары Таль ойындары, 2007-2010 жылдары World Blitz Championship, 2006-2012 жылдары Moscow Open, 2003-2010 жылдары Aeroflot Open, 2010 жылы Women's World Blitz Championship, 2010 жылы World Chess Olympiad 2010 (750 эл. тақта!!!) және т.б.
Сайттан гроссмейстрлер, төрешілер мен екі федерацияның басшылығы туралы ақпараттар ала аласыздар. Сондай-ақ, фото және бейнерепортаждар жүйелі түрде жаңартылып отырылмақ.