Шахмат федерациясы хиджабсыз өнер көрсеткен ирандық қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шахмат федерациясы Алматыда өткен блиц-шахматтан әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсеткен ирандық шахматшы Сара Хадемнің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін БАҚ беттерінде ирандық спортшы Сара Хадемнің Алматыда өткен блиц-шахматтан әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсеткені туралы ақпарат тарады. Осыдан кейін оның жеке басына қауіп төндіретін мәлімдемелер жасалған. Айта кетейік, Иранның әйелдері үшін орамал тағу міндетті дресс-код болып саналады.

«Мен турнир директоры ретінде әріптестерімді жинап, жағдайды байыпты шешуге тырыстым. Ол қатысушыға қатысты тұрғылықты жерін, маршрутын және басқа мәліметтерді анықтауға тырысқан белгісіз адамдардан қоңыраулар түсті. Сондықтан біз жағдайдың күтпеген жерден күрт өзгеруі мүмкін екенін түсіндік. Тиісінше, әріптестерімізге, серіктестерімізге, Алматы қаласының әкімдігіне спортшының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өтініш жасадық. Біз оның бағытын, оның қалай кететінін ойластырдық және оны елден қауіпсіз шығаруды қамтамасыз еттік», - деп түсіндірді Дармен Сәдуақасов ОКҚ-да өткен брифингіде.

Қоса кетейік, бұған дейін Алматыда өткен блиц-шахматтан Әлем чемпионатына қатысқан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсеннің бірінші партияға неліктен кешіккенін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram