Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан құрамалары қарсыластарынан үстем болды

АСТАНА.KAZINFORM – Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың екінші тур ойындары өтті. 

Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан құрамалары қарсыластарынан үстем болды
Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 49-орындағы Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен ұпай бөліссе, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет өз үстелінде басым болды.

Әйелдер

Қазақстан Босния және Герцеговина - 3:1
Бибісара Асаубаева - Милана Бабич
Меруерт Камалиденова - Маса Бабич
Елназ Қалиахмет - Маса Максимович
Зарина Нұрғалиева - Сара Жакимович

Ерлер арасындағы бәсекеде де отандастарымыз 84-орындағы Нигериядан айласын асырды. Есеп: 3,5:0,5. Құрамадан тек Даниал Сапенов ғана тең түсіп, Денис Махнёв, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетті.

Ерлер

Қазақстан Нигерия - 3:5:0,5

Денис Махнёв - Абдулрахман Акинтойе Абдулрахим
Даниал Сапенов - Одион Айхоже 
Алдияр Аңсат - Барзоломев Еммануэль Охипо
Жандос Ағманов - Одей Гуднесс Екунке

Айта кетелік Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастаған еді