Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн турнирде жеңімпаз атанды

Бибісара Асаубаева
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Шахматтың блиц түрінен екі дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева тоғызыншы Swiss Queens Wednesday онлайн турнирінде жеңімпаз атанды. Қазақстан шахмат федерациясынан мәлім еткеніндей, Бибісара мүмкін болған 11 ұпайдың 10,5-ін жинап, үздік шықты.

Б.Асаубаева өзінен кейінгі қарсыластарынан 2 ұпайға озып кетті. 

Swiss Queens Wednesday онлайн жарыстары ФИДЕ-нің 100 жылдығын мерекелеу аясында өткізілуде. Оған әлемнің ФИДЕ титулына ие маңдайалды шахматшылары қатысуда. Әр турнирдің жүлде қоры 1 мың АҚШ доллары көлемінде бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар