Шахтерлер кәсіподағы мен «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігі жалақыны индексациялау туралы келісімге қол қойды

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның  25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Қорғау»  шахтерлер кәсіподағы  мен  «АрселорМиттал Теміртау»  акционерлік  қоғамының  әкімшілігі   жалақыны индексациялау  туралы келісім  жасады.
None
None

Келісім  комиссиясының  кешегі   отырысы     құжатқа қол қоюмен  аяқталды,      деп хабарлады ҚазАқпаратқа «Қорғау»   шахтерлер  кәсіподағының   төрағасы    Марат Мирғаязов.

Оның айтуынша,  компанияның көмір кәсіпорындары жұмысшыларына индексация, металлургтерге   жасалғандай түрде жүзеге асырылады.  2009 жылғы қазан  айының 1-інен бастап     тарифтік ставкалар  мен  айлықтар   7,5 пайызға  көтеріледі.  Оған қоса  екі бөліп: ағымдағы жылдың  желтоқсан  айының соңына  дейін  және  келесі  жылы қаңтар  айында  45 500 теңге көлемінде    төлем жасалатын болды..

«Сонымен қатар,  біз  барлық  көмір кәсіпорындарында  сыйақы  туралы  ережені  өзгерту  туралы келісім жасастық  Бұл мәселені  біз  екіжақты  комиссияда   талқылайтын боламыз  және  төлем қаңтар айынан  бастап    жаңа  тәсім бойынша    жасалады деп  ойлаймын»,  деді М.Мирғаязов.

Шахтерлер  кәсіподағы   сот   органдарына берген    шағым-арыздарын қайтарып   алатын  болды.   Дегенмен кәсіподақ    жетекшілері  келесі  жылдың басында   өткен  2009   жылдың  жалақысын  индексациялау     мәселесін көтермек.  «Ақпан айында біз келіссөзді бастаймыз»,  деді  М.Мирғаязов.

Соңғы жаңалықтар