Шахтинск қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Ерсайын Нағасбаев Шахтинск қаласының әкімі болып тағайындалды.
None
None

Облыс әкімі бүгін Шахтинск қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Шахтинск қаласының бұрынғы әкімі Ерлан Өтешев Приозерск қаласының әкімі болып ауыстырылғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Ерсайын Нағасбаев 1980 жылы туған, жоғары білімді, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған, вице-премьердің кеңесшісі болған. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданда әкімнің орынбасары болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болған.

Соңғы жаңалықтар