Шахтинск қаласының Ішкі істер басқармасында табельдік қарудың жоғалу факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
ҚАРАҒАНДЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Шахтинск қаласының Ішкі істер басқармасының сейфінен табельдік қарудың жоғалу факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады.
Оның айтуынша, қарудың сақталуына жауапты басқарма қызметкері қамауға алынған.
Полицияның ақпараты бойынша, табельдік қарудың жоғалу факті 30 желтоқсанда тексеру барысында анықталған. «Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарудың сақталуына жауапты тұлға абақтыға жабылды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Ж.Сембеков мырза.