Шахтинск технология колледжінің оқушылары Лондонға барады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Шахтинск технология колледжінің бес оқушысы Лондонда наурыз айында өтетін халықаралық конкурсқа қатысады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқушылар колледждер арасында өткен «Үздік кәсіпкер» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Конкурсқа олар «Қоршаған ортаның ыластануы» деген тақырып бойынша «Болашақтың қаласы» деген жобаны ұсынған болатын. Оның авторлары ? Виталина Сухан, Әсел Рахымбекова, Майя Чимелюс, Евгений Иванов және Михаил Шувалов. Конкурс жеңімпаздарына Шахтинск қаласының әкімдігінде құрмет көрсетілді. Ең басты сыйлық ? оқушылар ай сайын 10 000 теңге көлемінде стипендия алып тұратын болады. Шахтинск технология колледжінің негізі 1964 жылы қаланған. Қазір онда 7 мамандық бойынша 1 000-нан астам адам оқиды.
Соңғы жаңалықтар