Шахтинскідегі газ жарылысы: оқиға қалай болды

ШАХТИНСК. KAZINFORM - Шахтинскідегі көпқабатты тұрғын үйде 40 жастағы ер адам қасақана өрт шығарып, көршілер мен полиция қызметкерлерінің өмірін қатерге тіккені белгілі болды. Тұрғындарды эвакуациялау кезінде бес тәртіп сақшысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Пожар с пятью пострадавшими полицейскими в Шахтинске был умышленным
Фото: Видеодан алынған скрин

Шахтинскідегі оқиға орнында жүзеге асырылған арнайы операцияның бейнежазбасы жарияланды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті бесінші қабаттағы пәтерінде газ баллонын ашып, оны өртеген. Бұл әрекет тұрғындар мен құтқарушылар үшін қауіп туғызды», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бірінші болып келген полиция қызметкерлері тұрғындарды дереу эвакуациялады. Жарылыс қаупіне қарамастан, тәртіп сақшылары батыл және шешімді әрекет етті. Операция кезінде бес қызметкер жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді

Қазіргі таңда күдікті медициналық мекемеде күзетте ұсталып отыр, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.