16:52, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Шахтинскіде ҚР Конституциясы күні интернационалист-жауынгерлерді еске түсіруге арналған мемориалдық кешен ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бүгін кеңестік жауынгерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығына арналған мемориалдық кешеннің ашылуы болды.
Ол қалалық саябақта орнатылған. Мемориалдық кешеннің ашылу салтанатында интернационалист-жауынгерлерге кеуде белгілері тапсырылды.
Кеншілер қаласы Шахтинскіде Шахтер күні мен Конституция күні кеңінен атап өтілуде. Мерекелік бағдарлама Абай даңғылындағы шеруден басталды, оған ұлттық-мәдени орталықтар, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.