Шахтинскідегі полиция сейфінен жоғалған тапаншалар ІІБ ғимараты жанынан табылды

ҚАРАҒАНДЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысының Шахтинск қаласының ІІБ ғимараты жанынан өткен жылы полиция сейфінен жоғалған екі тапанша табылды.
None
None

Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков хабарлады.

«21 қаңтарда тапаншалар Шахтинск ІІБ ғимараты жанынан табылды», - деді Ж.Сембеков. Табельді қаруларды кім және қандай жағдайда тауып алғаны жайлы «тергеу мүддесіне» сілтеме жасаған басқарма бастығы ешқандай ақпарат бермеді.

«Шахтинск ІІБ кезекші бөліміндегі резервті сейфтегі қызметтік тапаншалардың жоғалып кеткені 2010 жылдың 30 желтоқсанында өткізілген жоспарлы тексеру кезінде белгілі болды. Осы факті бойынша қарудың сақталуына жауапты қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты «тұтқындау» шарасы қолданылды», - деп еске сала кетті Ж.Сембеков.

"Қазіргі күні алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар