Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалды

СЕМЕЙ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті өзінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жасады,

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Дағдарысқа қарсы бағдарламаның мақсаты ? университеттің зияткерлік, материалдық-техникалық, қаржылық мүмкіндіктерін жұмылдыру, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер үшін әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын бәсеңдетуге бағытталған кешенді жұмыстар мен шараларды жүзеге асыру.Дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі бағыттары түсінік жұмыстарын жүргізу және студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету болмақ.Жоғары оқу орнының басшылығы жобаны жүзеге асыру аясында оқу үдерісінің сапасын жетілдіру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін кешенді шараларды жүзеге асырады. Сондай-ақ бағдарламада студенттерді қаржылық қолдау және әлеуметтік жағынан қорғау, түлектер мен магистранттарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу мәселелері де көзделген.