Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің биылғы түлектерінің жартысынан астамы жұмысқа орналасу туралы келісімшартқа отырды

СЕМЕЙ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Биыл Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті сұраныс көп мамандықтар бойынша 789 жас маманды бітіртеді.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университетінің  биылғы түлектерінің  жартысынан  астамы     жұмысқа   орналасу   туралы   келісімшартқа  отырды
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, олардың басым көпшілігі жұмысқа орналастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл сайын өткізілетін бос қызмет орындарының жәрмеңкесі бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл басқосуларда жұмыс берушілер студенттермен жеке танысып, олардың дайындық деңгейлерін анықтау, сондай-ақ оларға жұмыс туралы ұсыныстар жасау мүмкіндіктеріне ие болады. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің биылғы түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстан облысынан, Алматы, Павлодар және Қарағанды қалаларынан 45 кәсіпорынның басшылары қатысты. Қазақстанның басқа өңірлерінен бітіруші түлектерге 437 шақырту түсті. Жас мамандар жәрмеңке барысында және оған дейін жұмысқа орналасу туралы 400-ден астам келісімшартқа отырды.