Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шакира Колумбияның жер сілкінісінен зардап шеккен өңіріне мектеп салып беретін болды

АСТАНА. KAZINFORM – Белгілі әнші Шакира Колумбияда 10 тамызда болған жойқын жер сілкінісі кезінде ең қатты зардап шеккен аймақтардың бірі - Чоко департаментіне барды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ABC7 Los Angeles-ке сілтеме жасап.

Шакира построит школы в пострадавшей от землетрясения Колумбии
Фото: EPA/ GIAN EHRENZELLER

Өңірге барған сапарында колумбиялық әнші 10 мектепті қайта қалпына келтіріп, қатты бүлінген технологиялық университетке көмек көрсеткісі келетінін мәлімдеген.

Мектептерді қалпына келтіруге америкалық филантроп Говард Баффеттің қоры да қатысады. Олар бұл істі 22 жылдан бері Шакираның Чоко департаментінде білім беру жобаларын жүзеге асырып келе жатқан Fundación Pies Descalzos атты қайырымдылық қорымен бірлесе атқармақ.

Әнші сондай-ақ жер сілкінісінен қатты бүлінген Чоко технологиялық университетін қалпына келтіру жұмыстарына да қолдау білдіруге ниетті екенін жеткізді.

7,4 балдық жер сілкінісі 10 тамызда Колумбияның батысында болған еді. Соңғы деректер бойынша, құрбандар саны 300 адамнан асты. Одан бөлек 426 адам іс-түзсіз жоғалып кетті.

Зілзала ошағы елдің ең бір кедей өңірі - Чоко департаментінде орналасқан. Мұнда мыңдаған үйлер құлап, жүздеген білім беру мекемелері бүлінді.

Райхан Рахметова