Шалғай елді мекендерде де сайлауға әзірлік қызу жүргізілуде - БҚО

ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы ең шалғай өңір - Бөкей ордасы ауданында алдағы президенттік сайлауға әзірлік қызу жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мәлім етті.

Шалғай елді мекендерде де сайлауға әзірлік қызу жүргізілуде - БҚО

Оның айтуынша, ауданда барлығы 24 сайлау учаскесі, 9830 сайлаушы бар. 23 наурызға дейін сайлаушыларға шақырту қағаздары беріледі. Сайлау учаскелеріне көмектесу үшін ауданнан басшылар бөлінді. Ауданда 35 елді мекен, 440 қыстақ бар. Құмды өңірдегі кейбір қыстақтардың ауылдық округ орталығынан қашықтығы 330 шақырымға дейін жетеді. Сондықтан сайлауды ұйымшылдықпен өткізу үшін бар күш-жігер жұмсалуда.