20:29, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шалғайдағы ауылда бос орындар жәрмеңкесі өтті ?Атырау облысы
АТЫРАУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы ең шалғай Қызылқоға ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан орталығы ? Миялыда бұл шараны халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізді. Оған шаруашылық субъектілері емес, мемлекеттік құрылымдар ? ауылдық әкімдіктер қатысты. Жәрмеңкеде 17 адам аз да болса тұрақты еңбекақысы бар жұмыстарға ие болды.